«ҚазақМұнайСервис» ЖШС Қазақстанның жетекші мұнай компанияларына жабдықтар жеткізеді. Тиімді жұмыс істеген жылдар ішінде Республиканың көптеген мұнай компанияларымен іскерлік қатынастар орнады.
«ҚазақМұнайСервис» ЖШС техникалық аудиттен, тұтынушының тапсырысы бойынша өнімді жобалаудан, оны өндіру мен монтаждаудан, жеткізуден, толық пайдалануға беруден, супервайзингтен және кен орнындағы персоналды жабдықпен жұмыс істеу бойынша оқытудан бастап кепілдік және сервистік қызмет көрсетумен аяқтай отырып, қызметтердің тұтас кешенін ұсынады.
Біз өз қызметімізде шығарылатын жабдықтардың кең сұрыпталымын, тиімді кешенді шешімдер мен жаңа технологияларды ұсына отырып, тапсырыс берушілерімізбен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас құруға арқа сүйейміз.
«ҚазақМұнайСервис» ЖШС тұтынушыға мұнайды дайындау тиімділігін арттырудың және мұнай өндіруді арттырудың бірегей инновациялық технологияларын ұсына отырып, жетекші ғылыми-техникалық және жобалау институттарымен үнемі өзара байланыс жасайды.
Мұнай-газ жабдықтары нарығының тұрақты мониторингі, шетелдік өндірушілермен ынтымақтастық «ҚазақМұнайСервис» ЖШС тапсырыс берушілерге әлемдік жетекші жабдық өндірушілерімен техникалық және жобалық шешімдердің кең сұрыплатымын ұсынуға мүмкіндік береді.
Жемісті ынтымақтастық құратындығымызға сенім артамыз!
Құрметпен,
Директор Д. Г. Сунгатуллин